2026 жылғы 21–22 мамырда Астана қаласында Seifullin University базасында Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі ұйымдастырған, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Еуропалық білім, мәдениет және аудиовизуалды медиа атқарушы агенттігінің қолдауымен өңірлік іс-шара өтіп жатыр.
Іс-шара бағдарламасы:
Erasmus+ өңірлік ақпараттық күні — Орталық Азия елдерінің жоғары білімін дамытудағы бағдарлама ықпалына арналған;
«Жоғары білімдегі жасанды интеллект» халықаралық конференциясы — ЖИ енгізудің қазіргі үрдістері, университеттердің цифрлық трансформациясы және инновациялық білім берудің болашағы талқыланады.Іс-шараға қатысушылар:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек
Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Елшісі
Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық үйлестірушісі Лаура Палуанова
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетін іс-шарада мынадай өкілдер таныстырады:
Байгожина Гульнар Муратовна — Ректор аппаратының жетекшісі;
Тусупбекова Айнура Кайыржановна — PhD, қауымдастырылған профессор, радиофизика және электроника кафедрасының меңгерушісі;
Турмуратова Динара Армиевна — математика және ақпараттық технологиялар факультетінің «Цифрлық педагогика» білім бағдарламасының докторанты. Іс-шара барысында университет өкілдері жасанды интеллект технологияларын дамытуға, жоғары білімді цифрландыруға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ғылыми және халықаралық білім беру жобаларын таныстырады.
Ұсынылатын жобалардың бірі — «АР23487789 Жоғары білім жүйесінде бейімделген дербестендірілген оқытуды жүзеге асыруға арналған жасанды интеллект технологиялары» ғылыми жобасы.
Жоба жетекшісі — Казимова Динара Ашубасаровна, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚарҰЗУ қолданбалы математика және информатика кафедрасының профессоры.
Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024–2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Қазақстанның жоғары білім жүйесін жаңғыртуға, STEAM-бағыттарды, кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға және университеттер мен өнеркәсіп арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған Erasmus+ «Edu-Fusion Network for Sustainable Growth / EDUFUSION NSG» (101179805 - ERASMUS-EDU-2024-CBHE) халықаралық жобасы ұсынылды. Жоба аясында мыналарды қамтитын инновациялық білім беру экожүйесі құрылуда:
онлайн оқыту;
цифрлық және педагогикалық технологияларды дамыту;
халықаралық стандарттар бойынша оқытушыларды даярлау;
академиялық қоғамдастық пен жұмыс берушілер арасындағы тұрақты ынтымақтастық механизмдерін қалыптастыру.
Жоба Қазақстан университеттері консорциумы, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Португалия мен Испанияны қоса алғандағы Еуропалық Одақ елдерінің серіктестігімен жүзеге асырылады.
Бөкетов университетінің көрме үстеліне Еуропалық білім және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттіктің (ЕАСЕА) жобалық офицері, сондай-ақ Орталық Азиядағы «Жоғары білім әлеуетін арттыру» бағыты бойынша мониторингтік топтың сарапшысы Мария-Соль Домингез Паррадо арнайы келді.
Іс-шара тәжірибе алмасудың, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың және жоғары білім жүйесіндегі инновациялық тәсілдерді алға жылжытудың маңызды алаңы болып табылады.




