ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЖЫМЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ УЛЬТРАМАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

26 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраевтың рухына тағзым ету мақсатында эстафеталық ультрамарафон өтті.
Екі жүз отыз шақырымға созылған бұл сапар Қарағандыдағы әскери оқу орнынан бастау алып, батырдың кіндік қаны тамған қасиетті туған ауылында мәресіне жетті.
Сайысқа барлығы 26 желаяқ қатысты. Солардың қатарында Buketov National University студенттері мен рекреациялық спорт орталығының жетекшісі Қайыр Шәріпұлы Ақшалов та бар.
Осындай марафондар арқылы жас буынның жүрегінде елге деген сүйіспеншілік пен батырларға деген құрмет одан әрі нығая түсетіні анық.