2026 жылдың 29 мамырында университетте 2025–2026 оқу жылы түлектерінің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне арналған Аттестаттау комиссиялары төрағаларымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор М.М. Умуркулованың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Жиынға Комплаенс-қызметінің жетекшісі В.И. Олейник, Академиялық жұмыстар департаменті директорының орынбасары С.В. Гаголина, Тіркеуші кеңсесінің басшысы О.А. Тян, сондай-ақ факультет декандары қатысты.
Кездесу барысында қорытынды аттестаттауды ұйымдастырудың негізгі аспектілері мен әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, кешенді емтихандарды өткізу тәртібі, бітіру жұмыстарын қорғауды ұйымдастыру ерекшеліктері, нәтижелерді рәсімдеу талаптары және бекітілген академиялық рәсімдердің сақталуы қарастырылды.
Сонымен қатар академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, бағалаудың объективтілігі мен қорытынды аттестаттаудың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңес барысында қатысушылар түлектердің даярлық деңгейін тәуелсіз әрі кәсіби бағалаудың маңыздылығын атап өтті.
Жиын қорытындысында Аттестаттау комиссияларының төрағалары білім беру үдерісін одан әрі жетілдіруге, мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталған конструктивті және объективті ұсыныстар береді деген сенім білдірілді.
Қорытынды аттестаттау – түлектерді оқу нәтижелерін бағалаудағы және университеттегі мамандар даярлау сапасын айқындайтын маңызды кезеңдердің бірі.


