«Халық кеңесінің этносаралық келісімді нығайтудағы рөлі»
Қарағанды облыстық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік ғылыми-сараптамалық тобының «Халық кеңесінің этносаралық келісімді нығайтудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, мемлекеттік саясат, құқық және қоғамдық келісім саласының сарапшылары, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, жас ғалымдар мен студент жастар қатысты.Талқылау барысында конституциялық реформалар мен қоғамдық диалог жағдайындағы қоғамдық құрылымдардың институционалдық дамуы, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайту жүйесіндегі Халық кеңесінің орны мен рөлі сөз болды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасындағы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, қоғамдық келісім институттарын дамытуға және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың орнықты моделін қалыптастыруға бағытталған нормаларға ерекше назар аударды.Жиында өңірдің жетекші ғалымдары баяндама жасады. Университет атынан Қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының профессоры Гүлнара Мусиқызы Рысмағамбетова және «Елтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жамбыл Әзмұханұлы Жұмабеков қатысты.Гүлнара Рысмағамбетова «Жаңа конституциялық құрылым аясындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық трансформациясы» тақырыбында, ал Жамбыл Жұмабеков «Елтану» – жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың ғылыми-ағартушылық бағыты» тақырыбында баяндама жасады.Пікірталас барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы қоғамдық институттардың диалог алаңы ретінде маңызын арттырып, азаматтарды шешім қабылдау үдерістеріне кеңінен тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

