Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің студенттері оқу орнының аумағына 150-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды.
Көгалдандыру Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өтті.
Іс-шара барысында алма, бөртегүл ағаштары, қарақат көшеттері отырғызылды.
Экологиялық акцияға университет ректоры Н.О. Дулатбеков белсене қатысты.
Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, университет аумағын одан әрі жайлы, жасыл етеді!



