ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫ


14 ақпанда академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелеріне арналған отырыс өтті. Талқылауға университет басшылығы, факультет декандары мен ғылым және білім саласының мамандары қатысты. Қатысушылар білім беру процесін жетілдіру, ғылым мен өндірісті интеграциялаудың негізгі бағыттарын қарастырды.Жиында кадрлық өзгерістер жарияланды: Физикалық мәдениет және спорт факультетінің жаңа деканы болып Әбішев Жандос Бахытұлы тағайындалды.Зейниденов Асылбек Қалқенұлы университет технопаркінің директоры етіп тағайындау маңызды шешімдердің бірі болды. Оның алдында университеттің инновациялық әлеуетін нығайту, ғылыми зерттеулерді дамытып, өндірістік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту міндеті тұр.Сонымен қатар, университетте кадрлық өзгерістер болды: университеттің тәжірибелі басқарушыларының бірі Сыздықов Мейіржан Жәкенұлы мемлекеттік қызметке ауысады. Осыған орай университетте салтанатты жиын өтіп, әріптестері Мейіржан Жәкенұлына білім ошағын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдіріп, жаңа салада толағай табыстар тіледі.