25.12.2024ж. Студенттік Парламент өкілдерінің қатысуымен Академиялық кеңестің кезекті отырысы өтті. 2024-2025 оқу жылының 1-семестріндегі оқыту сапасын бағалау жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы шығарылды, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларының бейнеконтентпен қамтамасыз етілуі талданды. Студенттік Парламент депутаттары - тарих факультетінің студенті Ракишев Ернар мен математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Жаксылык Мерейли студенттердің қоғамдық өмірі мен оқу процесіне қатысты сұрақтарын қойды. Академиялық жұмыс бойынша Басқарма мүшесі – проректор, Академиялық кеңестің төрағасы М.М. Умуркулова, кеңес мүшелері студенттерді аталған бастамалардың іске асырылатынына сендірді, сондай-ақ студенттердің мүдделеріне қолдау білдірді.