ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ШЭНЬЯН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ

2025 жылғы 19 мамырда Шэньян педагогикалық университетінде (Қытай) ғылыми тағылымдамаға қатысушылардың кездесуі өтті. 2024 жылғы 6-29 мамыр аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 15 жас ғалымы осы университетте ғылыми тағылымдамадан өтті. Жыл бойы қатысушылар қытайлық әріптестерімен бірлесіп белсенді ғылыми және білім беру жұмыстарын жүргізді, оның нәтижелері кездесуде ұсынылды.Ынтымақтастықтың негізгі қорытындылары:- «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша 8 студент бір академиялық семестр бойы Шэньян педагогикалық университетінде оқиды; - Халықаралық журналдарда бірлескен ғылыми мақалалар жарияланды, атап айтқанда Шэньян педагогикалық университетінің ағылшын тілі оқытушысы Song Li Li–мен бірлесіп «Digital Pedagogies in EFL Classrooms: Kazakhstan-China Comparative Review» ғылыми мақаласы дайындалды;- 2024 жылдың қараша айында Ляонин кәсіби-техникалық институты мен Қарағанды университеті арасында өзара түсіністік туралы бес жылдық меморандумға қол қойылды;- ғалымдар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты;- «Шет тілдерін оқытудғы мәдениетаралық тәсілдер: тәжірибесі мен болашағы» атты онлайн-семинар өткізілді;- «Шэньян-Қарағанды: орыс тіліндегі сөйлесу клубы» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда, оның аясында Қытай мен Қазақстан студенттерінің қатысуымен сабақтар өткізіледі;- «Заманауи заң ғылымы мен практикасының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді;- 2024 жылдың қараша–желтоқсан айларында Қытай ғалымдарының Қарағандыға сапары және Қарағанды университетінде Шэньяннан магистранттардың тағылымдамасы өтті;- 2025 жылдың 4 сәуірінде Шэньян педагогикалық университетінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру факультетінің жас ғалымдары халықаралық жастар форумына қатысты;- дене шынықтыру және спорт факультеті «Trends in Physical Education and Sport» жаңа ғылыми журналын ашты.Келесі жылға арналған жоспарлар:- студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;- шет тілі ретінде орыс тілін оқыту мәселелері бойынша Халықаралық дөңгелек үстел өткізу (2025 ж. қазан).- Қытайлық аналогиялар мен зерттеулерге негізделген кітап-альбом жұмысын бастау (2025 ж. қазан);- «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізу (2025 жылдың аяғы);- «Шет тілдерін оқытудағы заманауи технологиялар: халықаралық тәжірибе» тақырыбы бойынша екіжақты ғылыми мақалалар жинағын шығару;- «Silk Road Chemistry-modern chemical technologies and science» бірлескен Қазақстан – Қытай конференциясын ұйымдастыру 25-27 қыркүйек 2025ж.;- Шэньян педагогикалық университетінің ғалымдарымен зерттеу жұмысын жалғастыру, бірлескен мақалалар жариялау.Сондай-ақ, Қарағанды және Шэньян университеттері арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететін ынтымақтастықты тереңдету мен тәжірибе алмасуға бағытталған басқа да іс-шаралар іске асырылатын болады. Кездесуге қатысушылар серіктестікті нығайту және болашақта ынтымақтастық аясын кеңейту үшін осы бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Кездесу халықаралық ғылыми және білім беру ынтымақтастығы аясындағы нәтижелерді қорытындылап, жаңа бағыттарды айқындауға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шара соңында қатысушылар университеттер арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға қатысты идеялар мен ұсыныстармен бөлісіп, жаңа бірлескен жобалар мен өзара іс-қимыл формаларының перспективаларын талқылады.