ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНДА МАҚАЛАЛАР СЕРИЯСЫ ФОРМАТЫНДАҒЫ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАЛДЫ

2026 жылғы 30 қаңтарында университетімізде 8D013 – «Пәндік мамандандырусыз педагогтерді даярлау», 8D011 – «Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыттары бойынша Диссертациялық кеңестің ерекше отырысы өтті.Докторлық диссертацияны қорғау алғаш рет заманауи форматта - жоғары рейтингті журналдарда (Web of Science Q1–Q2) жарияланған мақалалар сериясы негізінде ұйымдастырылды. Диссертациялық кеңестің төрағасы – Стратегиялық даму жөніндегі проректор, философия докторы (PhD) Сармурзин Ербол Жаңбырбайұлы.Диссертант Уркунова Анара Серікқызы «Бастауыш білім берудегі жаһандық құзыреттілік: болашақ қазақстандық мұғалімдердің білімі мен дағдылары» тақырыбындағы жұмысын сәтті қорғап шықты.Ғылыми кеңесшілер:Қарабасова Лаура Чапайқызы – PhD, Басқарма төрағасы – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры.Керри Кеннеди – Гонконг білім беру университетінің құрметті профессоры (Emeritus Professor).Кеңес шешіміне сәйкес Анара Серікқызына «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.Қорғаудың бұл форматы ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін және университетіміздің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуін растайды.Анара Серікқызын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және жаңа ғылыми жеңістер тілейміз!