Ағымдағы жылдың 7 ақпанында «Кадрларды даярлау бәсекеге қабілетті экономика мен тұрақты дамудың іргетасы: инновациялар, технологиялар және өнеркәсіппен ынтымақтастық» тақырыбында ҚР ҒЖБМ алқасының кеңейтілген отырысы өтті, оған Басқарма төрағасы-ректор Н.О. Дулатбеков қатысты. ҒЖБМ министрі Саясат Нұрбек өз баяндамасында жоғары білімге қолжетімділікті арттырудың жаңа тетіктері, құрылып жатқан академиялық және зерттеу үстемдігі орталықтары, әлемдік цифрлық кітапханалар мен платформаларға қолжетімділік, қолданбалы зерттеулердің рөлі мен кадрлар даярлауда да, ҒЗТКЖ-ны енгізуде де өңір кәсіпорындарымен өзара іс-қимылдың рөлі туралы айтты. Зерттеу мәртебесіне ие Қарағанды университеті жоғары білім мен ғылымдағы барлық жаңа және прогрессивті өзгерістердің белсенді қатысушысы болып табылатынын айта кеткен жөн.