ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Шабыт театрдан басталады

10 сәуір күні Бөкетов ұлттық зерттеу университеті профессор-оқытушылық құрам мен қызметкерлерден және студенттерден тұратын 15 адамдық делегацияны Астана қаласына жіберді. Олар Калибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драмалық театры сахнасында қойылатын «Махаббатым сен» драмасын тамашалайды.

«Махаббатым сен» — адам жанының терең сезімдерін, махаббат пен адалдық, тағдыр мен таңдау тақырыптарын арқау еткен әсерлі драма. Қойылым көрерменді кейіпкерлердің ішкі әлеміне жетелеп, шынайы сезімдер арқылы өмірдің мәні туралы ой қозғауға мүмкіндік береді.

Профессор-оқытушылық құрамымыз бен қызметкерлерімізге және студенттерімізге қойылымнан шабыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!