2026 жылғы 21–22 мамыр күндері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде келесі білім беру бағдарламалары бойынша XVIII Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтеді:
6B01705 — Шетел тілі: екі шетел тілі (француз тілі бағыты);
6B01705 — Шетел тілі: екі шетел тілі (неміс тілі бағыты).
Іс-шараны ұйымдастырушы — Е.А. Бөкетов ұлттық зерттеу университеті Шетел тілдері факультеті.
Олимпиада аясында қатысушыларды:
🔹 лексика-грамматикалық тесттер;
🔹 тыңдалым және оқылым тапсырмалары;
🔹 кәсіби-бағытталған жағдаяттарды шешу;
🔹 жетекшілерге арналған білім беру воркшоптары;
🔹 салтанатты ашылу және жабылу рәсімдері күтеді.
Олимпиада студенттердің тілдік дайындық деңгейін, кәсіби құзыреттерін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында тәжірибе алмасуға арналған алаң.
📍 Өтетін орны:
Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 1,
академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарЗУ, №9 оқу ғимараты.
📅 Өтетін күндері:
2026 жылғы 21–22 мамыр.
Барлық қатысушыларға сәттілік, жарқын әсерлер мен жаңа жетістіктер тілейміз!