«Кел, қазақша сөйлесейік!» курсы аясында Күміс университет тыңдаушылары қазақ тілін белсенді меңгеріп, сөйлесу дағдыларын дамытып келеді.
Әрбір сабақ қатысушыларға жаңа білім беріп қана қоймай, өз ойын еркін жеткізуге, күнделікті қарым-қатынаста қазақ тілін сенімді қолдануға мүмкіндік береді. Тыңдаушылардың қызығушылығы мен ынтасы күн сайын артып, жетістіктері айқын көрінуде.
Бұл жоба – білім мен тәжірибені ұштастырып, қатысушыларға жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды бастама.





