ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында 2022 жылғы көктемгі семестрге арналған білім беру форматына мынадай өзгерістер енгізілді:

Қарағанды Бөкетов университетінің күндізгі бөлімнің бірінші курс студенттеріне арналған оқу сабақтары ағымдағы жылдың 7 - 26 ақпаны аралығында онлайн режимінде өтеді.

 2 - 5 курс студенттерінің, 1 - 2 курс магистранттары мен 1 курс докторанттарының сабақтары аралас форматта, яғни дәрістер мен СОӨЖ онлайн, практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар оффлайн форматта өтеді.

Оқыту форматына қатысты сұрақтарыңыз болса, университеттің білім беру кафедрасына немесе Академиялық жұмыс жөніндегі департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.