ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Құрметті оқытушылар, қымбатты студенттер!

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ базасында "Sustainability Living Lab: Outreach" бағдарламасы шеңберінде жобалар конкурсының өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Байқаудың ұйымдастырушылары Назарбаев Университеті ДББҰ Green Campus кеңсесі, "National Conservation Initiative" корпоративтік қоры және "Chevron" компаниясы болып табылады.

Байқаудың мақсаты университет кампусының тұрақты дамуын жақсартуға ықпал ететін университет қауымдастығының экологиялық бастамаларын қолдау болып табылады:

- Университеттің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлеріне қолданбалы зерттеулер мен инновацияларды қолдану арқылы университеттің нақты экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік беру;

- Тұрақты даму мәселелерінде университет қоғамдастығының ақпараттық білімділігін арттыру;

- Жобаларды іске асыру барысында алынған практикалық және білім беру тәжірибесі.

1 жобаны қаржыландыруға бөлінетін сома - 700 000 теңгеге дейін.

Факультеттің студенттері мен ПОҚ қатысуға шақырамыз.

Конкурстың ережесі қоса беріледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз "Sustainability Living Lab: Outreach 2022" байқауының кураторына, университеттің студенттері мен магистранттары ғылыми қауымдастығының төрағасы Жартай Жанибек Маратұлына телефон арқылы хабарласа аласыз +7 702 447 3 447.

Ереже және хат Sustainability Living Lab 2022