Философия және психология факультетінің әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Индира АбдигазымовнаUBAK Science Award-2024 беделді марапатына ие болды.
Ғылыми кеңестің ұсынысы, іріктеу комиссиясының бағалауы және Түркиядағы Халықаралық ғылыми қауымдастықтың Директорлар кеңесінің шешімі негізінде № 2024/6 бұйрығымен Индира Абдигазымовна UBAK Science Award сыйлығымен марапатталды.
UBAK Science Award-Түркияның жетекші ғылыми бірлестіктерінің бірі құрған беделді ғылыми марапат. Ол жыл сайын ғылыми зерттеулердегі елеулі жетістіктері және халықаралық ғылыми қоғамдастықтың дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.