ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде Ғылым күніне орай профессор-оқытушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті.

Жиында университет ректоры Н.О. Дулатбеков білім мен ғылымға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ғалымдарды марапаттап, олардың еңбегін ел игілігіне қосылған зор үлес ретінде бағалады.

«Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен

Байжол Ысқақұлы Кәріпбаев– философия ғылымдарының докторы, профессор-зерттеуші

«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен

Айнагүл Зікірқызы Қазанбаева– филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты

«Ғылым үздігі» құрмет дипломымен

Гүлсім Қабақызы Бүркеева– органикалық химия және полимерлер кафедрасының профессоры

Айнұр Қайыржанқызы Түсіпбекова – радиофизика және электроника кафедрасының қауымдастырылған профессоры

«Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен»

Аянберген Қайырбекұлы Хасенов– Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының профессоры

Елена Александровна Спирина– қолданбалы математика және информатика кафедрасының профессоры

Карина Мадиевна Сулейева– дене мәдениеті ілімі мен әдістемесі және спорттық дайындық кафедрасының қауымдастырылған профессоры

«Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен»

Александра Шавкатовна Додонова – ботаника кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Ләззат Қасымқызы Шотбакова– археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры

Жанна Зайнишқызы Арынова– маркетинг кафедрасының профессоры

Гүлнұр Жомартқызы Смағұлова– PhD, қауымдастырылған профессор, аударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі

Жанар Есентайқызы Сәрсекеева– «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры

Марапат иелерін құттықтаймыз! Ғылым жолындағы ізденістеріңіз толастамай, алар асуларыңыз биік болсын!