ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ТАЛАНТҚА ТАРТУ, ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ


2026 жылдың 4 наурызында Басқарма Төрағасы – ректор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков Алматы қаласында өткен республикалық
«Студент және сахна» фестивалінде ерекше көзге түскен «Шаттық» әуесқой студенттік театрының ұжымымен кездесті.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үркер» студенттік театры ұйымдастырған шығармашылық додада университеттің жас таланттары
«Үздік талпыныс» номинациясын иеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Кездесу барысында ректор театр жетекшісі Ахай Садуақасұлы Жұмамұратовқа және өнерге құштар жас актерлерге алғыс білдіріп, алдағы өнерлеріне табыс тіледі.
Сонымен қатар ұжымның өнерге деген ынтасын қолдау мақсатында сәуір айында өтетін
Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының қойылымын тамашалауға 50 адамға арналған арнайы жолдаманы сыйға тартты.
«Шаттық» әуесқой студенттік театрының ұжымын жеңістерімен құттықтаймыз!
Шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!