ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАУІПТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

16 наурыз күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасанды интеллекттің ықтимал қауіптері мен алаяқтықтың жаңа түрлеріне арналған танымдық семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың цифрлық ортадағы қауіп-қатерлерден сақтану мәдениетін қалыптастыру. Семинарды Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды. Кездесу барысында департамент жетекшісі Н.Р. Ынтықбаев цифрлық кеңістікте жиі кездесетін дропперлік схемалардың қауіптілігіне тоқталып, жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалатын заманауи алаяқтық тәсілдерін мысалдар арқылы түсіндірді. Сонымен қатар қаржылық қауіпсіздікті сақтау жолдары мен интернет-алаяқтыққа қарсы тиімді іс-қимыл алгоритмдері ұсынылды. Семинар соңында қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, цифрлық қауіпсіздікке қатысты пайдалы ақпараттар алды. Белсенділік танытқан студенттерге Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.