ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Күміс университет Кеңесі 2025 жылға арналған міндеттерді бекітті

Күміс университет Кеңесі – бұл КарУ-де үздіксіз білім беру идеяларын ілгерілету және 50+ жастағы ересектерді оқыту мазмұнын іздестіру үшін құрылған алқалық орган.2025 жылғы 24 қаңтарда Кеңес онлайн форматта Қарағанды университетінің академик Е.А. Бөкетов атындағы Күміс университетін дамыту бағдарламасы аясында Қосымша білім беру факультетінің (ҚББФ) 2023-2025 жылдардағы жұмысын қарастырды.ҚББФ қызметінің үш бағыты айқындалды: нормативтік-ұйымдастырушылық жұмыс, оқу-әдістемелік жұмыс және ақпараттық жұмыс.2023-2024 жылдар аралығында ҚББФ мен КарУ факультеттері арасында курстардың тақырыптарын таңдау, 50+ жастағы ересектерді оқыту бағдарламаларын әзірлеу және курстарды ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жүйесі құрылды.2024 жылы 90 тыңдаушыны қамтыған 10 курс өткізілді. Қуантатыны, сапаны мониторингтеу тыңдаушылардың курстарға қанағаттану деңгейінің жоғары екенін көрсетті.Кеңес мүшелері Туяков Г.Ш., Шиллер М.В., Жібек Камали ақпараттық жұмысқа белсенді қатысқаны атап өтілді. Жалпы, Ғылым және жоғары білім министрлігінің Медиа-жоспарын орындау аясында университет бағдарламаларын ілгерілетуге, үздіксіз білім беру идеясын әлеуметтік желілер арқылы насихаттауға, халықпен жұмыс жүргізуге, ақпараттық материалдар шығаруға ерекше назар аударылды.Кеңес мүшелеріне Күміс университет жұмысының материалдары бойынша екі авторлық құқық куәлігінің алынғаны және Мұқанова С.Д.-ның қосымша білім беру мәселелері бойынша монографиясының басылып шыққаны туралы ақпарат берілді.ҚББФ 2025 жылы Бағдарламаның сапалы дамуын қамтамасыз ететін екі жаңа бастаманы ұсынды.2025 жылға арналған Күміс университеттің 6 курсының тізімі бекітілді.Әріптестердің оптимизмі, « Күміс университет» бағдарламасын одан әрі дамытуға деген ұмтылысы Қарағандының ересектерді оқытудың бірегей моделін құруға мүмкіндік береді!