12.02.2025 ж. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің "the Ulytau Educational Foundation" қоғамдық қайырымдылық қорының өкілдерімен кездесуі өтті.Кездесу барысында қор директорының орынбасары С. А. Әбенов қордың жұмысы туралы айтып берді, қатысушыларды қор жобаларымен қор жобаларын басқару департаментінің директоры Р.С. Ешимова таныстырды.Университет ғалымдары Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш және т.б. қалалар үшін орта білім беру саласындағы ықтимал әлеуметтік жобалар мен ұсыныстар туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар мен мәселелермен алмасуға шешім қабылданды