ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

2022 Жаһандық біріктірілген рейтинг нәтижелері

2022 Жаһандық біріктірілген рейтинг нәтижелері бойынша академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті әлемнің үздік университеттерінің ТОП 10%-на кірді.

Жаһандық біріктірілген рейтинг QS және THE сияқты әлемдік рейтингтерді қамтитын аса беделді 12 жаһандық институционалды рейтинг бойынша, сонымен қатар DEQAR аккредиттелген бағдарламаларының еуропалық мәліметтер базасының көрсеткіштері бойынша сараланған жоғары білім беру ұйымдарының жіктелуін білдіреді.

2022 Жаһандық біріктірілген рейтинг 2021 жылғы рейтингтердің нәтижелері бойынша жасалды. Бұл рейтингте 124 ел мен 3382 жоғары оқу орны ұсынылған.

Қазақстан 2022 Жаһандық біріктірілген рейтингте 30-шы орынға жайғасты.

Мәліметтер ашық қолжетімділікте best-edu.ru порталында орналастырылды.