ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ДАМУЫ

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің делегациясы Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты. Бұл – түркі әлемінде жоғары білім беру саласындағы маңызды кезең болып табылады және берік халықаралық академиялық ынтымақтастықтың айқын көрінісі. Мерекелік шара филармонияның жылы шырайлы атмосферасында өтіп, жүрекке жылы сөздер мен шабыттандыратын баяндамаларға толы болды. Сонымен қатар, университет қабырғасында жоғары білім беруді дамыту мен серіктестік байланыстарды нығайту мәселелері талқыланған ауқымды ректорлар форумы өтті. Қарағанды университеті делегациясының құрамында филология факультетінің деканы Түйте Елдос Ерғазыұлы және Қазақстан тарихы мен ҚХА кафедрасының ассистент-профессоры Кентбек Салават Қамшыбайұлы болды. Бұл шара түркі әлемі университеттері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болып, бірлескен даму мен білім алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашты.