ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ КЕҢЕЙТУ

Бөкетов ұлттық зерттеу университеті ректоры Н.О. Дулатбеков Ұлыбританиядан арнайы келген ғалым — PhD докторы, доцент, химиялық инженерия департаментінің профессоры Өзгүр Язайдынмен (Özgür Yazaydın) кездесті.
Кездесу барысында білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, академиялық байланыстарды дамыту, халықаралық тәжірибе алмасу және ғылыми ынтымақтастықты нығайту бағытында пікірлер ортаға салынды. Сондай-ақ жоғары білім беру жүйесінің бүгінгі даму үдерісі мен ғылымның қоғамдағы орны жайында мазмұнды әңгіме өрбіді.
Кездесу соңында ректор құрметті мейманға өзінің қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартып, ізгі ізгі құрметін білдірді.
Мұндай кездесулер университеттің халықаралық байланысын кеңейтіп, ғылым мен білім саласындағы ортақ бастамалардың дамуына жол ашады.