30.10.2025 ж. Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ-дың Академиялық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысы қуанышты сәтпен басталды: Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі, проректор М.М. Умуркулова Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесін мерекелеуге орай алғыс хаттар табыстады. Бұл ретте, жоғары еңбек көрсеткіштері, кәсібилігі және университеттің стратегиялық міндеттерін іске асыруға белсенді қатысқаны үшін университеттің келесі қызметкерлері: М.С. Абишева, Ж.М. Ахметбекова, Л.В. Грешнова, М.М. Есимбекова марапатталды.
Салтанатты бөлімнен кейін негізгі отырыс басталды, оның шеңберінде Академиялық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес кадрларды даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының электрондық цифрлық оқу материалдарымен қамтамасыз етілуін талдау нәтижелеріне, 2024-2025 оқу жылының қорытындылары бойынша білім алушылардың академиялық үлгерімін талдауға және т.б. қатысты мәселелер қаралып, талқыланды. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, бұрын берілген ұсынымдардың орындалуы және ағымдағы көрсеткіштер мониторингінің нәтижелері туралы баяндалды.
Отырысқа қатысушылар білім беру қызметін дамыту перспективаларын талқылап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді белгіледі.
Сындарлы атмосферада өткен отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.