ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Foundation бағдарламасына шақырамыз!


2025-2026 оқу жылында университеттің дайындық бөлімінде Моңғолияда тұратын қазақ жастарын оқыту мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында 2025 жылғы 20-30 наурыз аралығында Қосымша білім беру факультетінің әдіскерлері Мамаева А.Б. мен Әбілқасымова Ж.К. Баян-Өлгий қаласы мен Баян-Өлгий ауданының Дэлүүн, Тұлба, Сақсай ауылдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Бұл шараға дайындық бөлімінің 2023-2024 оқу жылындағы түлектері – қазіргі таңда шетел тілдері факультетінің студенті Иванов Мекебаймен математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Смағұл Сейфулла көмектесті.Сапар барысында атқарылған негізгі шаралар: ⁃ мектеп оқушыларымен, мұғалімдермен және ата-аналармен кездесулер;⁃ университеттегі оқу және студенттік өмір туралы материалдарды таныстыру;⁃ дайындық бөліміне түсу шарттарын түсіндіру;⁃ Баян-Өлгий қаласындағы №1 мектеп пен медресе, сондай-ақ Дэлүүн ауылындағы №4 мектеппенҚосымша білім беру факультеті арасындағы меморандумдарға қол қою;⁃ 27-28 наурызда Моңғолияда өткен Қазақстан ЖОО білім көрмесіне қатысу; ⁃ университет туралы кең ақпарат беру және жаңа кәсіби байланыстар орнату.Foundation бағдарламасының жаңа тыңдаушыларын күтеміз және болашақта бакалавриат бағдарламаларына түсуге қолдау көрсетуге дайынбыз!