ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

СЕНАТТА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2025 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау қызметі комитетінің «Жасанды интеллект: құқық қорғау және сот қызметіне енгізілуі мен қолданылуы» тақырыбына арналған ашық отырыс өтті. Отырыста Қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Н.В.Сидорова және «IT by design» ЖШС даму жөніндегі жетекшісі, жоба серіктесі Е.Қ.Мабиев сөз сөйледі.Спикерлер "Жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы халқының сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері" тақырыбы бойынша мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында зерттеу тобы әзірлеген «Legal expert» цифрлық платформасының тұсаукесерін ұсынды.