«Физика» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XIV Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз
Олимпиада 2022 жылдың 20-22 сәуір аралығында Павлодар педагогикалық университетінде өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан 15 команда қатысты.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері Әбітаев А.Б., Нұрмұқанов Б.А. және Роллан Д.Р.
3 кезеңнің қорытындысы бойынша «Математика-физика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Абитаев А.Б. жеке есепте 1 орынға ие болып, бірінші дәрежелі дипломмен және өтпелі кубокпен марапатталды.
«Физика» олимпиадасының дәстүрі бойынша өтпелі кубок, келесі олимпиаданы жеңімпаз университетінде өткізуге мүмкіндік береді. Келесі жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде физикадан XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.
Біздің команданы дайындауды физика және нанотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.-м.ғ.к. А.С. Кудусов басқарды.
Студенттерімізге табыс, сәттілік, өзіңізге сенімділік және сөзсіз жеңістер тілейміз!