Бүгін Бөкетов ұлттық зерттеу университетіне Қытай Халық Республикасының жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі — Xidian университетінің делегациясы арнайы сапармен келді
ІТ технологиялар , телекоммуникация , микроэлектроника және инженерия салаларында әлемдік деңгейде мойындалған бұл білім ордасы — Қытайдың ғылыми-инновациялық әлеуетін айқындайтын беделді университеттердің бірі. Сидянь университеті халықаралық ғылыми кеңістікте озық зерттеулерімен, заманауи технологиялық жобаларымен және әлемдік ІТ алпауыттарымен тығыз әріптестігімен танылған.
Делегация құрамында:
Сидянь университетінің вице-президенті Чжан Цзиньчэн
Халықаралық бөлім директорының орынбасары Чжан Ян
Өмір туралы ғылымдар және технологиялар факультеті деканының орынбасары Чжу Шоупин
Өмір туралы ғылымдар және технологиялар факультетінің профессоры Ху Бо болды.
Сапар аясында мәртебелі меймандар Жамбыл Ақылбаев атындағы ғылыми технопарктың жұмысымен танысып, физика-техникалық факультетте болды. Университеттің заманауи ғылыми зертханаларын аралаған қонақтар ғылым мен білімді ұштастырған жаңа бастамаларға жоғары бағасын берді.
Кездесу барысында ғылыми зерттеулерді бірлесіп дамыту, халықаралық академиялық байланыстарды кеңейту, тәжірибе алмасу, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Мұндай тағылымды кездесулер — білім мен ғылымның алтын көпіріне айналып, халықаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте түседі.




