ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША ОНЛАЙН-НҰСҚАУЛЫҚ


Шет тілдері факультетінің докторанты Тайқұманова Махаббат Айдынқызы шет тілі мұғалімдеріне арналған «Жасанды интеллект құралдарының атласы» атты онлайн-нұсқаулық жасауға бағытталған гранттық жобаны жүзеге асыруда.Жоба жасанды интеллект құралдарын жүйелеу және категориялау арқылы білім беру міндеттерін шешу мен шет тілі мұғалімдерінің кәсіби қызметіне технологияларды енгізуге арналған нұсқаулық-сайт форматындағы ресурсты дайындауға бағытталған.Жоба аясында әзірленетін онлайн-нұсқаулық қолданбалы мәнге ие болып, жасанды интеллект саласындағы зерттеулерге инновациялық үлес қосады. Веб-парақша форматындағы ресурс шет тілдерін оқыту тәжірибесінде қолдануға болатын жасанды интеллект сервистері мен құралдарына құрылымдалған шолу, сипаттама және қолдану мысалдарын ұсынады