28 наурыз күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетіне Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мэдэлина Лупу ресми сапармен келді. Мәртебелі қонақты университет ректоры Н.О.Дулатбеков қарсы алды. Кездесу барысында білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін кеңінен талқылады.
Сапар аясында Елші студенттерге Румынияның бай мәдениеті, ұлттық құндылықтары мен тарихи мұрасы туралы кеңінен әңгімеледі.
Іс-шарада «Румыния – ұлт портреттері: бірегейліктің бес қыры» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Фильмнің сюжеті шынайы тарихи оқиғаларға негізделген және елдің ұлттық болмысы мен мәдени ерекшеліктерін жан-жақты ашады.
Кездесу еркін әрі іскерлік атмосферада өтіп, студенттер мен оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу жүргізді. Мұндай форматтағы іс-шаралар жастардың дүниетанымын кеңейтіп, халықаралық қатынастарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
