Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің AKYLBAYEV RESEARCH CENTER технопаркінде Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан келген делегация мүшелеріне біліктілікті арттыру курсын табысты аяқтағаны үшін салтанатты түрде сертификаттар табысталды.
Бағдарлама барысында қонақтар университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетімен, заманауи білім беру үдерістерімен және зерттеу бағыттарымен танысты.
Сондай-ақ делегация мүшелеріне арнайы ұйымдастырылған мәдени-танымдық іс-шаралар арқылы өңірдің тарихи-рухани құндылықтары таныстырылып, Қазақстанның бай мәдени мұрасы кеңінен насихатталды.
Бұл бағыттағы халықаралық ынтымақтастық – білім мен ғылым саласындағы өзара тәжірибе алмасудың, сондай-ақ елдер арасындағы достық пен серіктестіктің берік негізін қалыптастыратын маңызды қадам.
Моңғолиядан келген әріптестерімізге жемісті еңбегі мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Алдағы кәсіби жолдарына сәттілік пен жаңа биік жетістіктер тілейміз!



