КЕАҚ «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған «Ғылымдағы жаңа есім - 2026» университетішілік грантқа конкурс жариялайды.
Университетішілік грант туралы ереже университет сайтында жарияланып, декандарға жіберілді.
Басымдық «AI-Sana» бағдарламасы аясында іске асырылатын стартап жобаларға беріледі.
Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде олардың университет үшін практикалық маңыздылығына бас назар аударылады.
Байқау ережесіне сәйкес ресімделген конкурстық өтінімдер Жас ғалымдар кеңесіне 14.01.2026 жылға дейін (қоса алғанда) uskembayeva0901@gmail.com электрондық поштасы арқылы немесе электронды және қағаз нұсқада №1 оқу ғимаратының № 233 кабинетке тапсырылады.
Анықтама үшін телефон: +7 702 184 44 55 (сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін).