ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған университетішілік байқауы туралыХабарландыру

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ 2026 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған университетішілік грантқа конкурс жариялайды.

2026 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұсынылатын бағыттары:

1. Қазақстанның көрнекті тұлғалары (Әлихан Бөкейхан 160 жылдығы, Наурыз 2026).

2. Студенттердің, магистранттардың қатысуымен АИ қолдану бойынша қолданбалы жобалар.

3. АИ саласындағы стартап жобалардың инкубаторын құру (кемінде 10 стартап жоба).

4. Университеттің бизнес-процестерін цифрландыру.

5. Upgrade Teacher кәсіби даму зертханасы

6. Жасыл экономика шеңберінде қолданбалы жобаларды әзірлеу.

7. Университет экожүйесін дамыту.

Конкурсқа: қолданыстағы жобалардың/бюджеттік қаржыландыру бағдарламаларының басшылары; ЖОО ішіндегі жобалардың - алдыңғы жылдардағы гранттардың басшылары мен жауапты орындаушылары қатыса алмайды.

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған университетішілік гранты туралы Ереже университет сайтында орналастырылып, декандарға жіберілді.

Байқау ережесіне сәйкес ресімделген конкурстық өтінімдерді Ғылым департаментінің Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығынның инженері Т.З. Көпжасарова (8 775 573 9996 WhatsApp, 206 кабинет) электрондық және қағаз нұсқада 14.01.2026 ж. дейін (қоса алғанда) қабылдайды.