ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін ЖОО ішіндегі грантқа конкурс туралы хабарландыру

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ 2022 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарына ЖОО ішіндегі грантқа конкурс жариялайды.

2022 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұсынылатын бағыттары:

  1. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы.
  2. Қазақстанның көрнекті тұлғалары.
  3. Университеттің бизнес-процестерін цифрландыру.
  4. Университет қызметіне ESG қағидаттарын енгізу.
  5. Жасыл экономика аясында қолданбалы жобалар әзірлеу.
  6. Кедергісіз оқытуды енгізу жөніндегі кешенді шешімдер.
  7. Постковидтік орта: мәселелер мен шешімдер.
  8. Индустрия 4.0 жағдайындағы университет.
  9. Университеттің экожүйесін дамыту.
  10.  Студенттердің университет жағдайында әлеуметтік-мәдени бейімделуі.

 

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарына ЖОО ішіндегі грант туралы ереже университет сайтында орналастырылып, декандарға жолданды.

Ережеге сәйкес ресімделген конкурстық өтінімдер Ғылым департаментінің бас маманы Ранова Г.А. (e-mail: gguullddeenn@mail.ru, 233 кабинет)электронды және қағаз нұсқада 24.12.2021 жылға дейін беріледі.

Гранттар туралы ереже

Бағыттар