ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы өткізу бойынша

2026 жылғы 29 сәуірдеАкадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің базасында «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтеді.

Олимпиада Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізіліп, дарынды жастарды анықтау және қолдау, кәсіби құзыреттерін дамыту, сондай-ақ қонақжайлылық индустриясына деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Олимпиада барысында қатысушылар мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, авторлық жобалары мен саланың өзекті мәселелеріне арналған шешімдерін ұсынады.

Іс-шара студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды дамытуға және еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бейінді білім беру бағдарламаларының студенттік командалары қатысуға шақырылады.


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ПОЛОЖЕНИЕ