«Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 16.05.2025 ж. № 250 бұйрығына сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша 54 орынға Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы бөлінді Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына бюджеттік және коммерциялық негізде тек қана «өте жақсы» оқитын күндізгі оқу бөлімінің 3-4(5) курс студенттері (А, А-) қатысуға құқылы. ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер құжаттарды қағаз түрінде ұсынуы қажет:1. конкурсқа қатысуға факультет деканының ұсынысы;2. факультет кеңесінен үзінді көшірме3. республикалық және халықаралық (шығармашылық, спорттық) олимпиадалардағы, конкурстардағы жеңістерді растайтын грамоталардың, дипломдардың көшірмелері;4. ғылыми еңбектер жинақтарындағы жарияланымдар (ғалым хатшы растаған еңбектердің тізімі немесе мақалалардың көшірмелері қоса беріледі);5. университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысқанын растайтын дипломдардың, грамоталардың, сертификаттардың, куәліктердің көшірмелері.6. файл қалтасы (пластик) (қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша) Тең жағдайда:- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;- бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалардың артықшылығы бар. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау – 2025 жылғы 23.05-ға дейін. Білім алушылармен жұмыс жасау қызметіне (бас ғимарат, 215, 217 каб; тел. 35-64-76).