Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды дайындау бағдарламасы бойынша тегін және ақылы негізде оқыту үшін конкурстық негізде студенттерді іріктейді.
Әскери дайындыққа іріктеуге конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы күндізгі бөлімде оқитын 1-ші курстың студенттері запастағы офицер бағдарламасы бойынша (әскери кафедрада оқу мерзімі 2 жыл) және күндізгі бөлімде оқитын 2,3 курс студенттері запастағы сержанттар ( әскери кафедрада оқу мерзімі 1 жыл) бағдарламасы бойынша конкурсқа жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін әскери кафедраның қабылдау бөліміне 2022 жылдың 1 наурызынан бастап 2 мамырға дейін өтініш білдірсін.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажет құжаттардың тізімі:
1. Өтініш,
2. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі),
3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет «жарамды» белгісімен (түпнұсқасы мен көшірмесі),
4. Көлемі 3х4 см - 2 фотосурет,
5. Соттылығының болуы не болмауы туралы және әкімшілік құқық бұзушылығы жоқ жөнінде анықтама (ХҚК орталығынан н/се eGov порталынан),
6. Тығыз файл (мультифора) - 2 дана
7. Скоросшиватель – 1 шт.
Біздің мекен-жайымыз: Гоголь к., 38. Байланыс нөмірі: 51-38-20 (қабылдау бөлмесі). Құжаттарды қабылдау уақыты: Дүйсенбі-жұма 9.00-17.00; Сенбі 9.00-13.00
ӘСКЕРИ КАФЕДРА