ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Өзгерістердің жобалық кеңсесі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жаңа сайтын іске қосты.

Оны жобалық топ әзірледі, оның құрамына университет қызметкерлері: маркетологтар, дизайнер, филологтар, бағдарламашы кірді. Әзірлеушілер әлемдегі танымал университеттердің жұртшылықты ақпараттандыру тәжірибесін зерттеді, заманауи тенденциялар мен сайттың қолданылуына қойылатын талаптарды ескерді, басшылыққа жаңа тұжырымдама мен медиа-контент ұсынды.

Біз жобалық топтың құрамында табысты жұмыс істеген Өзгерістер жобалық кеңсесінің жетекшісі Дмитрий Викторович Дьяковқа, баспасөз қызметінің жетекшісі Мейрам Кеңесұлы Жұмабековке, маркетинг кафедрасының меңгерушісі Динара Ғабитқызы Мамыраеваға, маркетинг кафедрасының аға оқытушысы Лариса Владимировна Ташеноваға, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының доценті Любовь Анатольевна Антоненкоға, бағдарламашы Арман Бертагинге, сондай-ақ аудармашылар Айбек Мұратұлы Сүлейменовке, Айнұр Сәтжанқызы Карисоваға, Жазира Сейілханқызы Біләлға алғыс айтамыз.

Өз кезегінде, жобалық топ барлық декандарға, кафедра меңгерушілеріне, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына сайттың контентімен жұмыс жасауға көмектескені үшін ризашылығын білдіреді.