ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ БАСТАР ЖАҢА ҚАДАМ

Моңғолия астанасы — Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан «Study in Kazakhstan» халықаралық көрмесінің екінші күнінде Бөкетов ұлттық зерттеу университеті үшін маңызды оқиға орын алды.
Халықаралық білім мен ғылым кеңістігіндегі өзара ықпалдастықты нығайту мақсатында Бөкетов ұлттық зерттеу университеті мен 1951 жылы негізі қаланған Моңғолия ұлттық білім университеті(MNUO) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бүгінде 12 мыңға жуық студент білім алатын беделді жоғары оқу орны педагогика, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бағыттары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын жүзеге асырады.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінің өкілдері қатысып, екі ел арасындағы білім мен ғылым саласындағы байланыстардың маңызын атап өтті.
Қол қойылған құжат аясында студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуы, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық жобаларды жүзеге асыру және білім беру бастамаларын дамыту көзделіп отыр.
Бұл келісім — Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің халықаралық ынтымақтастық көкжиегін кеңейтіп, әлемдік білім кеңістігіндегі беделін арттыра түсетін маңызды қадамдардың бірі.