Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде сыртқы сараптамалық комиссияның жұмысы өз мәресіне жетті.
Қазақстан Республикасы Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (НААР/IAAR) өкілдері 6–8 сәуір аралығында университет қабырғасында болып, 16 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеу талаптарына сәйкестігін жан-жақты бағалады.
Сапар барысында сарапшылар университеттің білім беру мазмұны мен басқару жүйесіне терең талдау жүргізіп, әрбір бағдарламаға кәсіби тұрғыдан жоғары деңгейде пікір білдірді.
Көпкүндік жұмыс қорытындысы бойынша өткен жиында комиссия төрағасы, профессор Марис Клявиньш (Латвия, Рига) аккредиттеуге ұсынылған бағдарламалардың сапасы мен деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ университеттің стратегиялық мақсаттарды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанына, әрі мүдделі тараптармен — түлектермен, жұмыс берушілермен және тәжірибе базаларымен тығыз байланыс орнатқанына жоғары баға берілді.
Сонымен қатар оқу ордасы басшылығының корпоративтік мәдениетті қалыптастырудағы және ішкі өзара іс-қимылды үйлестірудегі рөлі айрықша атап өтілді.
Университет ұжымына, білім алушы жастарға және барлық серіктестерге адал еңбектері мен ортақ іске деген шынайы ықыласы үшін зор алғыс білдіреміз.
Біз үздіксіз даму мен жаңа белестерді бағындыруды жалғастырамыз.


