ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ Г.Ғ.К., ПРОФЕССОР ҚОЖАХМЕТ МҰРАТХАН ҚОЖАХМЕТҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
КеАҚ«АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»

БИОЛОГИЯ–ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Г.Ғ.К., ПРОФЕССОР
ҚОЖАХМЕТ МҰРАТХАН ҚОЖАХМЕТҰЛЫНЫҢ
80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
21-22 мамыр 2026 жыл.,Қарағанды қ.
Ақпараттық хат
Биология-география факультетінің география кафедрасы Сізді және әріптестеріңізді география кафедрасының алғашқы меңгерушісі, г.ғ.к., профессор Қожахмет Мұратхан Қожахметұлының 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми іс-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны мен мерзімі:
Конференцияакадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университетінің, биология-география факультетінде 2026 жылғы 21-22 мамырында өтеді (Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, №3 оқу корпусы, 5-қабат)

Байланыс ақпараты:
Пошталық мекенжай: 100024, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28; академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, биология-география факультеті, география кафедрасы.Е-mail: conf.80_MK_2026@mail.ru

Конференция туралы ақпарат академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің биология-география факультетінің ресми сайтында орналастырылған: https://buketov.edu.kz/ru/page/faculty/faculty-bgf/geo

Конференциядакелесімәселелерқарастырылады:

1. Экономикалық және әлеуметтік географияның өзекті мәселелері;
2. Қазақстанның және іргелес аумақтардың физикалық географиясының өзекті мәселелері;
3. Географияны оқыту әдістемесі;
4. Биоалуантүрліліктің өзекті мәселелері және сирек кездесетін түрлерді қорғау;
5. Климаттың жаһандық жылыну мәселелері;
6. Қазақстанның су ресурстарының қазіргі жағдайы;
7. Геоэкология және қоршаған ортаны қорғау;
8. Географиядағы ГАЖ.

Конференцияның жұмыс жоспары:
21 мамыр 2026 жыл Қатысушылардың келуі, орналастыру
22 мамыр 2026 жыл

8.30-9.30 тіркелу
10.00 – Конференцияның ашылуы, құттықтау сөздер, пленарлық баяндамалар (биология-география факультеті).
14.00-18.00 - секциялық мәжіліс, ғылыми баяндамалар мен пікір талас
19.00 - Конференцияны қорытындылау

(БГФ)
23 мамыр 2026 жыл
экскурсия, салтанаттытүскі ас, қатысушылардың қайтуы.

Конференцияны ұйымдастыру:
Конференцияның негізгі тақырыптарына сәйкес, мәжіліс, пленарлық, секциялық және көрсетілімді баяндамалар түрінде өтеді.
Қосымша түрде жас ғалымдарға, докторанттарға, магистранттарға және студенттерге арналған дөңгелек үстелдер мен әдістемелік шеберлік сағаттарын өткізу жоспарланған.
Конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарланған.

Тіркеу жарнасы:
Конференцияға қатысу тегін.

Экскурсия:
Конференция аясында бір күндік экскурсия жоспарланған.

Баяндамалар тезистерін рәсімдеу талаптары:
Көлемі - электрондық нұсқада 3-6 бет. Бет параметрлері-жолақтар 2 см, бет бағыты-портреттік, қағаз өлшемі А4. Шрифт-TimesNewRoman, 12 pt, абзац шегінісі- 1,25 см, жоларалық интервал - 1,5. Сөздерді тасымалдауға, стильдерді қолдануға және беттерді нөмірлеуге жол берілмейді. Мәтін файлы Т.А.Ә.doc немесе Т.А.Ә.docx форматында ұсынылуы тиіс. Тезистер 2026 жылдың 1 мамырына дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: conf.80_MK_2026@mail.ru

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:
МАҚАЛА АТАУЫ
(бос жол)
Авторлардың Тегі, Аты, Әкесінің аты¹
¹Ұйым атауы, қала, ел, e-mail
(бос жол)
Аннотация. Мәтін ені бойынша теңестіріледі. Аннотацияда зерттеудің мақсаты, материалдары мен әдістері, жұмыстың негізгі нәтижелері қысқаша баяндалуы тиіс.
Түйін сөздер: 4-8 түйін сөз немесе сөз тіркесі.
(бос жол)
Негізгі мәтін. Конференция ұйымдастырушылары авторлардан келесі құрылымды ұстануды сұрайды: кіріспе, материалдар мен әдістер, зерттеу нәтижелері және оларды талқылау, қорытындылар, алғыс білдіру (жеке алғыстар, ғылыми-зерттеу жобаларына, мемлекеттік тапсырмалар тақырыптарына сілтемелер және т.б.), әдебиеттер.
Суреттер мен кестелер мәтіннің ішінде беріледі. Қаріп өлшемі - 11. Мәтінде пайда болу реті бойынша цифрлармен нөмірленеді, сілтемелер дөңгелек жақшаларда беріледі, мысалы, (кесте X). Кесте мен сурет атаулары олардың үстіне орналастырылады, ортаға теңестіріледі.
Формулалар Microsoft Equation кіріктірілген формула редакторында жасалады, ортаға теңестіріледі. Формулалар нөмірленуі мәтін бойынша тұтас жүргізіледі, оң жағында жақша ішінде (1), (2) және т.б. түрінде көрсетіледі. Тек мәтінде сілтемесі бар формулалар ғана нөмірленеді.
Мәтін ішінде әдебиеттерге сілтемелер квадрат жақшаларда беріледі. Сілтемелер (автор, жарияланған жыл) түрінде рәсімделеді. Қажет болған жағдайда бет нөмірлері көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі алфавиттік ретпен рәсімделеді: алдымен қазақ және орыс тіліндегі дереккөздер, содан кейін шетелдік және интернет-ресурстар, қолданылған күні көрсетіледі. Әдебиеттер тізімінде мақала авторларының еңбектеріне сілтемелердің үлесі 20%-дан аспауы тиіс.
(бос жол)
ӘДЕБИЕТТЕР
Мақалалар былайша көрсетіледі:1) авторлардың тегі мен аты-жөні, 2) мақаланың толық атауы, 3) басылып шыққан орны, 4)баспасы, 5) шыққан жылы, 6) беттері.
Мерзімді басылымдар үшін:1) авторлардың тегі мен аты-жөні, 2) мақаланың атауы, 3) журнал атауы, 4) шыққан жылы, 5) томы, 6) нөмірі, 7) беттері, 8) DOI (бар болса).
Интернет-басылымдар үшін: мүмкіндігінше толық URL-мекенжайы және қолданылған күні көрсетіледі.

Конференция материалдарының жинағында мақалалар авторлық редакцияда жарияланатындықтан, ұйымдастырушылар сауатсыз жазылған немесе талаптарға сай рәсімделмеген тезистерді қабылдамау құқығын өздеріне қалдырады. Мақала мәтінін жолдай отырып, автор мәтіннің түпкілікті нұсқа екенін, зерттеу нәтижелері туралы шынайы ақпарат қамтитынын және қосымша өңдеуді қажет етпейтінін өзі растайды. Ұйымдастырушылар өрескел қателер мен баспа қателерін түзету құқығын өздеріне қалдырады.