ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Ферғана мемлекеттік техникалық университеті (Өзбекстан) делегациясының академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика факультетінде Өзбекстан Республикасы, Ферғана мемлекеттік техникалық университеті (ФМТУ) делегациясының ғылыми тағылымдамасы өтуде. Сапардың мақсаты – «Integration of Artificial Intelligence into Economics and Management: A Research Approach to Modern Challenges» (Жасанды интеллектіні экономика мен басқару саласына интеграциялау: заманауи сын-қатерлерге зерттеу тәсілі) тақырыбындағы ғылыми тағылымдама бағдарламасына қатысу.Делегация құрамында: - Кадыров Абдумалик Маткаримович – «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы (DSc), доцент;- Муминова Эльнорахон Абдукаримовна – Экономика бойынша PhD, Экономика кафедрасының меңгерушісі; - Ахунова Шохистахон Номанжановна – PhD, Экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, зерттеуші. Тағылымдама аясында келесі іс-шаралар жоспарланған: - ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысу; - ғылыми зерттеулер және академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау; - экономика факультетінің білім беру бағдарламаларымен танысу; - экономикалық білім мен менеджментке цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекті енгізу тәжірибесңмен алмасу; - университеттің кітапхана қорлары мен ресурстық орталықтарында жұмыс жасау. Бұл тағылымдама аймақтағы жоғары оқу орындары арасындағы ғылым және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуға ықпал етеді.