Ғылым күні қарсаңында физика-техникалық факультеті үшін жақсы жаңалық келді. Студенттер қатарынан Жас ғалымдар Шахмардан Есенов стипендиясымен марапатталды. Шахмардан Есенов шәкіртақы тағайындау — жыл сайынғы дәстүр. Академиктің есімімен аталған ғылыми-білім беру қоры — 500-ден астам қазақстандық жас студенттер арасында өтетін байқау. 2024 жылдың 9 сәуір күні байқау жеңімпаздары анықталды. Байқау қорытындысы бойынша профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының3 курс студенттері Мұхамедрахым Алмат (ТЭ-21-1к) және Потапова Арина (ТЭ-21-2р) жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар айына 70 мың теңге көлемінде 1 жыл бойышәкіртақыалатын болады. Біздің талантты студенттерімізді лайықты стипендиямен және студенттердің ғылыми жетекшілерін қауымдастырылған кафедра профессорлары Н.К. Танашеваны мен А.Н. Дюсембаеваны құттықтаймыз! Сіздердіңтабандылықтарыңыз, білімгедегенұмтылыстарыңызжәнекереметжетістіктеріңізназардантысқалмады. Бұл стипендия Сіздердің білім әлеміндегі және кәсіби жетістіктеріңіздегі тамаша сапарларыңыздың бастамасы ғана болсын. Сіздерді құттықтаймыз және оқу мен ғылым жолында жаңа жарқын жеңістер мен жетістіктер тілейміз!