ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА ӘСКЕРИ-ОҚУ ПРАКТИКАСЫ БАСТАЛДЫ!

2026 жылдың 25 мамырында университеттің әскери кафедрасында оқуын аяқтаушы студенттер үшін әскери-оқу практикасы ресми түрде басталды. Маңызды кезеңнің ашылуы салтанатты митингіден бастау алып, болашақ офицерлерге жауапты міндеттер жүктелді.
Митинг барысында әскери кафедраның лауазымды тұлғалары студенттерге практикадан өту тәртібін, негізгі талаптар мен нормативтік құжаттарды түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар іс-шараға Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы, подполковник Н.Қ. Занканов арнайы қатысып, әскери киім үлгісін кию мәдениеті, қоғамдық орындардағы тәртіп және әскери қызметшілердің әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілігі жөнінде маңызды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Биылғы әскери-оқу практикасының ерекшелігі – әскери кафедра тарихында алғаш рет студенттердің бекітілген әскери бөлімнің оқу полигонына шығып, сол жерде тәжірибелік сабақтар өткізуі жоспарланып отыр. Практика барысында тактикалық, атыс және техникалық даярлық бойынша теориялық білім іс жүзінде пысықталып, студенттердің кәсіби дайындығы шыңдала түседі.
Әскери-оқу практикасы 2026 жылғы 26 маусымда оқу материалы бойынша қорытынды емтихан тапсырумен аяқталады.