«6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері үшін 12 мамыр күні «28 ілмек» клубының еріктілерімен кездесу ұйымдастырылды, олардың қызметін Қазақстан Республикасының Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер жылында атап өткен болатын. Білім алушылар шала туылған балалардың ата – аналарына психологиялық көмек көрсететін еріктілердің қызметімен, сондай-ақ 100% жүннен башмақай, бас киім, көкірекше, көрпе жасауға негіз болатын сәбилердің тыныс-тіршілігіне көмек көрсету түрлерімен танысты. Шала туған нәрестеге кигізілген мұндай киім терең ұйқыға батпауға мүмкіндік береді және оның қозғалысы мен тыныс алуына ықпал етеді. Студенттер еріктілердің қызметіне қызығушылық танытып, осы клубтың мүшесі болуға ниет білдірді.