«Dulaty жастары – Жаңа Конституция елшілері» республикалық танымдық сапары аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің делегациясы Бөкетов ұлттық зерттеу университетіне арнайы келді.
Сапардың басты мақсаты – жастар арасында жаңа Конституцияның мәні мен маңызын кеңінен насихаттау, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті нығайту, сондай-ақ ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді әрі саналы ұрпақ қалыптастыру.
Қонақтарды стратегиялық даму жөніндегі проректор Е.Ж. Сармурзин, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры С.М.Мүбәрәк және департамент қызметкерлері қарсы алып, оқу ордасының тарихы, бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму бағыттары туралы мәлімет берді.
Танымдық экскурсия барысында делегация университеттің Бас ғимаратындағы музейді аралап, білім ордасының қалыптасу жолы мен жетістіктеріне қанықты. Сонымен қатар Сарыарқа археологиялық музейінде болып, Ұлы дала өркениетінің бай тарихи-мәдени мұрасын тамашалады.
Қонақтар Студенттер сарайында болып, жастардың шығармашылық және қоғамдық бастамаларын қолдауға бағытталған мүмкіндіктермен танысты.
Сапар университеттің ғылыми-инновациялық орталығы – Технопаркте жалғасты. Мұнда делегация ғылыми зерттеулердің заманауи бағыттарымен танысып, жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалардың нәтижелері мен даму мүмкіндіктерін зерделеді. Сондай-ақ қонақтар университеттің студенттік емханасында және білім беру-психологиялық қолдау орталығына барып, жастардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған жұмыстар, кеңес беру және қолдау бағдарламалары жөнінде ақпарат алды.
Кездесу барысында жастар білім мен ғылым саласындағы үздік тәжірибелермен танысып, өзара пікір алмасты. Мұндай тағылымды сапарлар жас буынның кәсіби көкжиегін кеңейтіп, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.



