ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Сіз жаңа, ал ең бастысы нарықта сұранысқа ие шеберлікке үйренгіңіз келеді ме?

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастардың әртүрлі топтары арасында кәсіптік дағдыларды қалыптастыру бойынша оқыту іс-шаралар крстарын жүзеге асыруда.

Оқу бағдарламасында қазіргі таңдағы ең актуалды бағыттар қарастырылған:
- Web әзірлеу;
- Графикалық дизайн;
- Мобилография;

Курстарды өз салаларындағы бірнеше жылдық тәжірибелері бар тренерлер мен мамандар жүргізетін болады.

Жоғарыда аталған дағдыларды қалыптастырудың арқасында қатысушылар нарықта бәсеке қабілетті маман болу арқылы ірі компанияларда мансабын құра алады немесе жалақысы жоғары және бос кестесі бар фрилансер болу мүмкіндігіне ие болады.

Өтінімдерді қабылдау: қыркүйекке дейін.

Формат: онлайн

Толық ақпаратты алу немесе тіркелу үшін 8778 595 30 79 нөмері бойынша хабарласа аласыздар


Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жоғары оқу орны мен колледж студенттері арасында кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін бастады.

Аталған іс - шараның басты мақсаты студенттік жастар арасында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру барысында қатысушылар қандай мүмкіндікке ие болады:
- Кәсіпкерлік дағдылардың негізін қалыптастыру және дамыту
- Бизнес идеялардың жүзеге асыруға қолдауға ие болу
- Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік іс – шаралар туралы ақпараттандыруды күшейту.

Кәсіпкерлік бойынша курстарды бизнес саласындағы тәжірибелі мамандар мен тренерлер, эксперттер жүргізетін болады.

Сонымен қатар қатысушылар жүлде қоры 2 000 000 теңге құрайтын үздік бизнес идеялар конкурсына қатыса алатын болады.

Өтінімдерді қабылдау: 10 қыркүйекке дейін.

Формат: онлайн

Толық ақпаратты алу немесе тіркелу үшін 8775 357 26 96 нөмері бойынша хабарласа аласыздар.