11 желтоқсан
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлеуметтік-саяси жаңғырудың посткеңестік модельдері: 30 жылдық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізеді.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Модернизацияның посткеңестік модельдері: әлеуметтік-саяси контекст.
- Қазіргі әлемдегі интеграциялық процестер: жетістіктер, проблемалар және даму перспективалары
- Қауіпсіздік, қылмысқа және терроризмге қарсы күрес саласында жаһандық деңгейдегі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық
- Covid-2019 пандемиясындағы ғылыми және білім беру кеңістігі: проблемалар мен перспективалар.
2021 жылдың 5 желтоқсанына дейін Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға ниет білдірушілерді талаптарға сәйкес келетін баяндама мәтінін conference-report2021@mail.ru. электрондық поштаға жіберуді сұраймыз
Конференция жұмысына байланысты барлық сұрақтарды ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жолдауға болады: conference-report2021@mail.ru немесе келесі байланыс телефондары арқылы нақтылауға болады:
8 (7212) 77-03-73, 8 701 492 42 97