ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«The Importance of Yusuf Khas Hajib’s Philosophical Legacy in Forming the Foundations of the Third Renaissance» халықаралық конференциясы

2025 жылғы 16 мамыр айында «Философия және мәдениет теориясы» кафедрасының оқытушылары – Уксукбаева М.Т., Салыматова Н.Р. және «8D02201-Философия» білім беру бағдарламасының докторанты Дағарова Ж.О. Ташкент қаласындағы ALFRAGANUS университетінде өткен «The Importance of Yusuf Khas Hajib’s Philosophical Legacy in Forming the Foundations of the Third Renaissance» атты халықаралық конференцияға қатысты. Іс-шара Түркия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей сияқты елдерден келген ғалымдар мен зерттеушілерді біріктірді. Олар Баласағұнидің түркі өркениетінің дамуына қосқан философиялық және әдеби мұрасын зерделеуге қызығушылық танытты. Конференцияның негізгі тақырыбы ретінде «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны алынды. Бұл еңбекте автор әділеттілік, адамгершілік, мемлекеттік басқару және үйлесімді қоғам құруда білімнің маңызы сияқты мәселелерді көтереді. Alfraganus университетінде конференцияны ұйымдастыру оқу орнының түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға, сондай-ақ гуманитарлық зерттеулер саласындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын көрсетті.